in

Талдықорғанда ер адам терең құдыққа құлап кетті

Талдықорған қаласында су құбырын жөндеу кезінде 1991 жылғы ер адам абайсызда шамамен 14 метр тереңдіктегі құдыққа құлап кетті.

ТЖМ жедел-құтқару жасағы штатив пен арқан жүйесін орнатып, төменге түсті, зардап шегушіні зембілге бекітті, жер бетіне көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Төтенше жағдай қызметі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді