in

Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды (фото)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия астанасы Брюссельге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.