in

Тоқаев жаңа экология министрі Әлібек Қуантыровқа бірқатар міндет жүктеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады. Мемлекет басшысы министрге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады astana24.com Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.

Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру мен "Таза Қазақстан" бастамасын ары қарай тиімді іске асырудың маңызына мән берілді.