Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды astana24.com.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 8 мамырда хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 8 мамырда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров президент Мәскеуде өтетін салтанатты парадқа қатысатынын хабарлаған.
