Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Саммитке қатысушы делегация басшылары Түркістандағы Конгресс-холлға келді, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәртебелі меймандарды президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Кейін ТМҰ бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті.
