in

Тоқаев Қарулы Күштерде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшыларын тағайындады, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.