in

Тұрғындар көп жүретін көшеде асфальт опырылып, ауыр жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

Мехиконың шығыс ауданында (Мексика) Истапалапа көшесінде жол опырылып, газдалған сусындар тиелген жүк көлігін толығымен “жұтып” қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Sputnik Mundo жазды.

Жердің опырылуы салдарынан жолдың үстінде алып шұңқыр пайда болды. Басылымның нақтылауынша, оның тереңдігі – 8 метр, ұзындығы – 12 метрге жеткен.

Оқиға орнына жедел түрде қалалық қызмет департаментінің және Су ресурстарын басқару хатшылығының (SEGIAGUA) мамандары келді. Себебі бұл ауданда ауызсу жеткізетін негізгі инфрақұрылым жүйелері орналасқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

10 қыркүйекте Мехикода газ тасымалдаушы цистерна жарылған еді. Төтенше жағдайдан 70 адам зардап шекті. Оқиға да қаланың шығыс ауданында болған. Аударылып қалған автоцистернадан 49 мың литр сұйытылған газ төгілген. Бір сәтте жанғыш зат тұтанып, жойқын жарылыс орын алды. Айта кетерлігі, жүргізуші тірі қалып, ауруханаға жеткізілді. Бұл қайғылы оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушылары таратып, ол көпшілікке белгілі болды.