in

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне байланысты жедел желі қосылғанын мәлімдеді

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен 2025 жылғы 8 шілде Астана уақытымен сағат 14.30-да жер сілкінісі тіркелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер Құлан ауылында 6 балл, Мерке ауылында  5 балл, Шу қаласында  3 балл, Сарыкемер ауылында 3 балл, Төле би ауылы  3 балл, Тараз қаласы 3 балл, Аса ауылы 2 балл, Мойынқұм ауылында 2 балл, Қордай ауылы 2 балл, Бауыржан Момышұлы ауылы  2 балл,  Қаратау қаласында  2 балл, Тұрар Рысқұлов ауылында 2 балл болды.

Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды: ҚР ТЖМ командалық орталығы – 87172-55-96-21, Жамбыл облысы ТЖД –  8-7262-51-41-67.

ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференциялық байланыс жүргізілді. Өңірдегі жағдай талқыланды.

ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.  ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірмен тұрақты байланыста.  Азаматтарды сабыр сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз, – делінген хабарламада.

  Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақ  қолданбаңыз;

  3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;

  4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғары қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);  көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

  8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.