in

«Халыққа жеткен соң, қажет деп санамаппын»: Нұрлан Өнербаев өзінің кемшілігін айтты

Әнші Нұрлан Өнербаев KeshRec бағдарламасына берген сұхбатында өзінің өнердегі кемшілігін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

“Бірде бір әніме клип түсірмеппін. Клипсіз-ақ әндерім халыққа жеткеннен кейін қажет деп санамаппын. Жарнамада клиптің көмегі өте көп. Бұл менің өнердегі кемшілігім болды”, – деді әнші. 

Желі қолданушылары Нұрлан Өнербаевтың ғажайып дауысы туралы жазып, әншіге қолдау көрсетті. 

“Ағамыздың дауысының өзі неге тұрады”, “Нұрлан ағамыз клипсіз-ақ танымал”, “Ағамыз қартайыпты”, “Жас кезі мен қазіргі кезін көріп жылап қалдым”, “Осы кісіні керемет құрметтеймін”, “Керемет әнші бала кезімізде тыңдап өстік”,-дейді олар.