in

Шайтанкөлде бір отбасы адасып кетті

ТЖМ құтқарушылары адасып кеткен отбасын тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Құтқарушылардың мәліметінше, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында таңертең демалыс аймағынан Шайтанкөл көліне жаяу шыққан отбасы жоғалып кетті.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен кинологиялық есеп жедел түрде жұмылдырылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде отбасы табылды.

Оларға медициналық көмек қажет болмады, – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз