Продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші келінін туған күнімен құттықтап, мақтады, – деп жазды Aikyn.kz.
«Туған күнің құтты болсын, жаным! Алла бақ берсін! Біздің шаңырағымызға нұрын шашқан күн болып кірдің. Бүкіл отбасымыз, бүкіл ағайын сені осы қалпыңда қатты құрметтейтінін, жақсы көретінімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Үлкен әулетті отбасы болып, ата-ана разылығын алып, өмірлік жарыңның мәңгілік махаббатына бөленіп, ұл-қызыңның бақытына амандығыңмен қуантып, 100 жасқа жет!» – деп жазды продюсер.
Әлеуметтік желі қолданушылары мұны жылы қабылдап, отбасына бақыт тіледі.
«Осындай мейірімді, жүрегі таза келін бізге де келе берсін», «Өте ақылды келін, бір сүйкімді. Гүлзира ханым да өте тамаша ене. Бақытты отбасы болыңыздар», «Неге Жұлдызға осындай тілек жазбайды екен?», – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.