in

Қазақстанға әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы келеді

Атақты Backstreet Boys 21 қыркүйекте “Астана Арена” алаңында өнер көрсетеді. Бұл туралы ақпарат топтың ресми сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бастапқыда тізімде тек Алматы болған, кейін ұйымдастырушылар Астананы да қосқан. Билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ.

Бұл топтың Қазақстандағы алғашқы концерті болады. Топтың құрамында – Ник Картер, Кевин Ричардсон, Брайан Литтрелл, Хауи Дороу және Эй Джей Маклин бар. Backstreet Boys әлем бойынша 130 миллионнан астам альбом сатқан. Олар 1990-жылдары танымал болып, 2000-жылдардың басында нағыз шарықтау шегіне жеткен. Ал тамызда елордаға тағы бір әлемдік қонақ – Дженнифер Лопес келеді. Алдын ала ақпараттарға сәйкес, ол 1 тамызда “Астана Аренада” концерт өткізеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.