in

«Қазақы» мәдени коды – Мәулен Әшімбаев Тоқаевтың ұлт қалыптастыру моделінің басты ерекшелігі туралы айтты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың “TURKISTAN” халықаралық газетінде “Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы” атты мақаласы жарияланды. 

Мақалада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елдегі саяси, экономикалық реформаларға кеңінен тоқталып, ұлттық мәдени код жайлы пікір білдірді.

«Тоқаев моделі» Тәуелсіздік алға­лы бері бір жүйеге түскен және көпшілік қа­былдаған ортақ мәдени, саяси, экономи­ка­лық, тұрмыстық, дәстүрлі, өмірлік құнды­лық­тар кешенін негізге алады. Бұл үлгі елі­міздің азаматтарын жікке бөлмейді, кері­сін­ше біріктіреді. Мұның бәрі, түптеп келгенде, жаңа жалпыұлттық бірегейліктің іргетасы болып қаланады. Бұл – уақыт талабына сай ны­ғайту мен жетілдіру арқылы жұмыс істеу­ге болатын және соған қажет берік қоспа. Ескеретін жайт: оның барлық құраушы бөл­шектері механикалық қоспа емес, қорытпа, яғни, түрлі құрамдас бөліктердің жаңа біре­гей мәнге сапалы трансформация­лануы­ның нәтижесі.

Бұл қорытпаның бірегейлігі сол – ол әр­түрлі мәдени құндылыққа негізделген эле­менттердің бітеқайнасып кетуімен ғана ай­қындалмайды. Сондай-ақ Қазақстан хал­қы­ның жалпыұлттық бірегейлігінің негізгі сипаты – «қазақы» мәдени кодтың басым болуымен де дараланып тұрады. Бұл, шама­мен, «ағылшындық», британдық бірегейлік­тің болмысын айқындайтын жағдайға ұқ­сайды. Бұл ретте қазақы бірегейлік те басқа дәстүрлердің мәдени элементтерін өзіне қабылдайтынын назарда ұстаған жөн.

Дәл осы қазақы мәдени код элементтері ортақ азаматтықпен және өзге де ортақ құн­дылықтармен бір қатарда тұрады, алуантүрлі сипаттағы бірлікті қамтамасыз ететін маңыз­ға ие. Сонымен бірге бұл ұлтқа, көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес, өзгелерге ұқса­майтын ерекшелік сыйлайды. Соның арқа­сында біз шетелдіктер арасынан «қазақ­тарды» этностық тегіне қарамастан, жазбай тани аламыз.