in

«Қазгидромет»: Солтүстікте ғана жаңбыр мен қар жауады

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстанның көп бөлігінде күн ашық болады,  тек солтүстікте ғана жаңбыр мен қар жауады, батыста  аздап жаңбыр жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оңтүстік және батыста жел күшейеді, солтүстікте және оңтүстікте тұман, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстік және орталық аудандарында аяз күтіледі.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Алматы қ.:  6 қазанда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Шымкент қ.:  6 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 6 қазанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

6 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 5 градус үсік күтіледі.

6 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

6 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

6 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші  15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

6 қазанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

6 қазанда Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

6 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

6 қазанда Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

6 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

6 қазанда Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.