Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың ресми сайтында "Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы" Жарлықтың толық мәтіні жарияланды.
Оған сәйкес Қазақстан Республикасының вице-президенті:
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, биыл 31 тамызда өткен Құрылтайдың жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынғаны белгілі болды.
Құрылтай депутаттары бұл ұсынысты қолдады. Дауыс беруге қатысқан 145 депутаттың 141-і қолдап дауыс берді.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
