Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін жариялады. Бұл туралы astana24.com тілшісі ОСК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"Бүгін аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша дауыс берудің түпкілікті нәтижелерін жариялай аламыз.
Қазақстанда барлығы 12 623 289 адам дауыс беру құқығына ие. Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысты. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 74,08 пайызын құрайды", – деді ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, референдуммен салыстырғанда сайлауға 224 357 адам артық қатысқан.
Бес пайыздық межені бес партия еңсерді:
"Әділет" – 71,17% дауыс;
"Ауыл" – 6,26%;
Respublica – 5,56%;
ЖСДП – 5,11%;
"Ақ жол" – 5,21%.
Сайлауға қатысқан қалған екі партия аз дауыс жинады:
Қазақстан Халық партиясы – 3,11%;
"Байтақ" – 1,07%.
"Барлығына қарсы" нұсқасына сайлаушылардың 2,51 пайызы дауыс берді
