in

Құрылтай сайлауына қай партиялар жіберілгені белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 1 шілдеде Құрылтай сайлауына партияларды жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда сайлауға жалпы 7 партия жіберілді.

"2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауына "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" республикалық қоғамдық бірлестігін, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясын, "Әділет" саяси партиясын, "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясын, Қазақстан халық партиясын, "Respublica" партиясын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын жіберу туралы қаулы қабылдансын", – дейді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ал AMANAT партиясына келсек, ол "Әділет" партиясымен бірігеді. Мұны ОСК төрағасы былай түсіндірді: 

"Құрметті әріптестер, Орталық сайлау комиссиясына AMANAT партиясынан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыспайтыны туралы ресми хат келіп түсті. Өтініш жұмысқа қабылданды", – дейді Әбдіров.