in

«Біреудің тоқалы»: Анна Данченко өзіне қатысты қауесетке нүкте қойды

Тележүргізуші, журналист Анна Данченко жеке өмірі жайлы қауесетке нүкте қойды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол өзіне қатысты түрлі алып-қашпа әңгіме көбейгенін айта келіп, бұл шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Күліп-күліп қоямын. Кіммен суретке түссем де, артынша қосып, өсек айтып кететіндер тағы бар. Бір қызығы, кішкентай қыздар емес, ерлер де, әпкеммен де, анаммен де жасты апайлар. Солай жазып, айтып не табады екен? Осы сөзге сенетіндер де бар негізі. «Біреудің тоқалы» дегенді қойыпты, әйтеуір күні-түні жұмыста жүргенімді көріп, түсінген-ау. Тоқал болсам, бұлай жұмыс істемес едім. Алла өзі реттеп қойған шығар, өз адамым кездеседі әлі, – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.