Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі мен келіні журналист Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Динара Майғазиева ұлы мен келініне еншісін беруге қатысты ойын айтты.
“Бұл жайлы әкесі екеуміз талай рет сөйлескенбіз. Ойланудың қажеті де жоқ. Балалар оқимыз, дамимыз десе, Америкаға да жіберуге дайынбыз. Өз еріктеріне қалдырдық. Сәкен екеуіміз де жаспыз, балаларымыз кішкентай. Бөлек шығамыз десе өз қалаулары. Бірақ,түптің түбіне келгенде бізбен бірге тұрады. Қартайғанда бізді қарайды”, – дейді ол.
Келіні Әдия бұрыннан ата-енемен бірге тұруды қалағанын айтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.