Әнші Бүркіт жолдағы ашулы жүргізушілерге шағымданды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі көлікте шыдамсыздық танытып, ашуға ерік беретін жүргізушілерді сынады.
“Халық неге қатыгез болып кеткен?! Машинамен балаңды, туған-туыстарды тасисың. Мектепке әкелген кезде орын болмай, екінші қатар тұрып қаласың. Артыңдағы көлікке кедергі болып қаласың. 10-15 секунд ары кетсе. Сол кезде шыдамсызданып, айқайлап, сигнал басып жатады. Терезесін ашып, басын шығарып, сенімен ұрысқысы келіп тұрады. Көзі аларып тұрады. Бір-бірімізге құрмет, сабыр қайда?! Сыйластық керек қой?! Мен күлемін де қоям. Басқа ештеңе істей алмайын. Не болып кеткенсіңдер, адамдар. Сабыр керек бізге”, – дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.