Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов жұбайы, тележүргізуші, журналист Динара Сәтжанды кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Кәсіпкер әлеуметтік желіде жақында некелескен жұбайымен бірге түскен сурет жариялады.
“Менің Куконям… Барлық БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бүгін – күн сайын талмай ақпарат таратып, маңызды мәселелер көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын және қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген жандардың еңбегін ерекше атап өтетін күн.
Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.