in

«Мен жоқта гендер-пати жасап, қызық болыпты»: Қайрат Нұртас бесінші баласы туралы айтты

Әнші Қайрат Нұртас отбасы ұйымдастырған гендер-пати кешіне қатыспауға не себеп болғанын түсіндірді, – деп жазды Aikyn.kz.  

«Жұмыста жүріп, түнделетіп қайттым. Мен жоқта гендер-пати шырақтары жанып, қызық болыпты. Байқадым…», – деді әнші.

Бұған дейін актриса Жұлдыз Әбдікәрімова төрт баласымен бірге гендер-пати өткізген видеосын жариялаған еді.  Алайда сәбидің жынысы анықталған сәтті көрсетпеген.

Желі қолданушылары қызының қатты қуанғанына қарап, қыз бала өмірге келетінін болжады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.