Әнші Тоқтар Серіков әріптесі әрі досы Мейрамбек Бесбаевпен құда болғысы келмейтінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өйткені досымен туысындай болып кеткенін жеткізіп, ағынан жарылды.
«Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Онымен егіздей болып өстік. Егер ертең балалары жарасып, қыз-жігіт болып, құда болайық десе, мен үшін бұл үлкен күйзеліс болар еді. Себебі мен оны ешқашан жамандыққа қимаймын. Ол менің жан дүниемнің бір бөлігіне айналып кеткен», – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.