Блогер Екатерина Вайт күйеуі, әнші Сейфуллин Жолбарыспен түскен суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
“Мәселенің мәні осы болды… Рақмет! Бәрін қабылдап, әрі қарай кеттік. Ешкім идеал емес. Әркім басындағы тарақандарымен өзі күреседі”, – деп жазды блогер.
Айта кетейік, бұған дейін блогер сұхбат беріп, отбасындағы қиындықтар туралы айтқан еді. Әнші Сейфуллин Жолбарыс та әйелімен ажырасқанын растаған болатын. Желі қолданушылары оларды қайта қосылды деп топшылап, бақыт тілеп жатыр.
“Әйелі қыздарын әкесіз өсірмеймін деген шығар?!”, “Ресми түрде ажырасып, қайтадан қосылыпты”, “Күйеуіне қайтып қосылатыны бар, неге сұхбат беріп, бәрін жайып салды”, – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.