Белгілі актриса Меруерт Өтекешева Майя Бекбаеваға эксклюзивті сұхбат берді. "Қыз Жібек" рөлін сомдаған ол камзолға қатысты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды astana24.com.
Сұхбат тележүргізуші әрі журналист Майя Бекбаеваның YouTube-арнасында жарық көрді. Меруерт Өтекешева қайта құру жылдары көптеген костюмнің жоғалып кеткенін айтты.
"Қыз Жібек" фильміндегі камзолды ол картина экранға шыққаннан кейін алғаш рет Баянның үстінен көрген. Актриса бұл жәдігерді нағыз халықтық мұра деп санайды және продюсер оны мұражайға тапсырып, болашақ ұрпақ үшін сақтап қалатынына сенімді.
"Көпшіліктің оның бұл камзолды киіп көргеніне көңілі толмағанын білемін. Бірақ шығармашылық адамдары сезімтал болады. Ол: "Ой, қандай тамаша!", — деп ойлады. Жібек камзолы әрі мүсініне де шақ келді. Бұл жай ғана оның ішкі тебіренісі болатын…
Баян Алагөзова оны, әрине, сақтайды және ол міндетті түрде мұражайда тұрады. Өз мұражайында, болмаса Ұлттық мұражайға бере ме – ол жағын өзі шешеді кешіріңіздер. Тіпті, бұл камзолды мен сыйлаған-мыс деген сөздер де шықты. Шын мәнінде, ол өте жақсы сақталған", — деді актриса.
