Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі Динара Абдуллина Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Динара Абдуллина Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның немересінің бір жасқа толған тойына қатысып, тілегін жеткізді.
«Бұл қыз ерекше. Бізде бір ата-әже болса, Айсұлуда төртеу. Құшағымызды жайып, жақсы көріп тұрамыз. Қолымыздағы барымызды береміз. Бүгінгі мерекесіне өз атымнан алтын сырға мен бриллиант сыйлаймын», -– дейді Динара Абдуллина.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.