in

Сәкен Майғазиевтің әйелі Зейнеп Ахметоваға ерекше сыйлық берді (видео)

Әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметоваға ерекше сыйлық берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Зейнеп Ахметоваға әшекей бұйым сыйлаған Динара Майғазиева желіде видео жариялады. Желі қолданушылары оның бұл әрекетін қолдап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Барша қазақ қыздары мен келіндері Зейнеп Ахметовадай болсақ. Көп жасаңыз!», «Керемет! Ұлы тұлғаның ұрпағын өрбіткен, күллі қазаққа үлгі көрсетіп жүрген Зейнеп апайымыз қандай құрметке де лайықты. Көп жасаңдар, айналайындар Сәкен мен Динара!», «Сакен мен Динара өте қарапайым, қолдары ашық, қашан көрсең де біреуге бірдеңе беріп жатады, үйлерінен қонақ үзілмейд», – деп жазды желі қолданушылары.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.