Алматыда дәстүрлі түрде өтетін Таласбек Әсемқұлов атындағы күйшілер байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Қорытынды кезеңге он үш үміткер іріктеліп, көрермен алдында өз өнерлерін ортаға салды. Байқау шарты бойынша әр қатысушы Т. Әсемқұлов репертуарынан жасалған тізімнен үш күй таңдап, орындауы тиіс еді.
Қазылар шешімімен:
Бірінші орын – алматылық Жарқыннұр Ержанат,
Екінші орын – Нұрәли Саятұлы,
Үшінші орын – елордалық ең жас үміткер Ағанас Мәулет иеленді.
Сонымен қатар Жүнісбай Стамбаев атындағы арнайы жүлде Арман Жаныбековке, ал отбасы атынан берілген арнайы сыйлық астаналық Баймұқат Сағиға табысталды.
Айта кетейік, бұл байқау жыл сайын 23 қыркүйекте өтеді. Жеңімпаздар жүлделі орындарына сәйкес ақшалай сыйлықтармен марапатталады.