in

«Томирис» фильмі испан тілінде көрсетілді

Испанияда «Қазақфильм» киностудиясының «Томирис» көркем фильмі көрсетіле бастады. Кинокартина Қазақстанда алғаш рет экранға 2019 жылдың қыркүйегінде шықты. Ол аты аңызға айналған Томиристің өмірі мен оның парсы патшасы Кирді қалай жеңгені жайлы баяндайды.

Ежелгі грек тарихшысы Геро-дот өз жазбаларында Томиристі қайсар, айлалы, батыр әрі билеуші әйел ретінде суреттеген.

Еуропа өнерінде Томирис тақырыбы XVII–XVIII ғасырларда кеңінен танылды. Италия, Испания, Франция, Англияда оның бейнесі картиналар мен операларға арқау болды.

Фильм қазақ мәдениетін, испан тілді аудиторияға кеңінен танытуға жол ашады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.