Әнші Алтынай Жорабаева оқырмандарының сынына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Артық салмақтан арылған өнер иесінің қазіргі бейнесін қызу талқылап жатқандар бар. Әнші жаттығу жасап, өзімен жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Түріңе не болып кеткен? Бұрынғы қалпың әдемі еді ғой» деп, мені 20 жыл бұрынғы Алтынаймен салыстырып жатады. Жандарым-ау, мен 50 жасқа жақындадым ғой. 37 келі салмақ тастаған адаммын. Әрине, терім салбырайды. Жайлап жаттығулар жасап жатырмын, нәтижесі болар. Әлде семіріп, былшиып жүре берейін бе? Маған артық салмақ ыңғайсыздық тудырады. Кімге жағады ол?! Ешкімге! Денсаулыққа өте зиян?”, – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.