in

«Ғұлама болып, келініме ақыл айтпаймын»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева ене мен келін тақырыбында сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі “КешREC” бағдарламасына сұхбат беріп, келіні жайлы айтты. Сонымен қатар келініне қандай кеңес бергенін атап өтті.

“Асылжанымның жары, таңдауы. Семейдің қызы. Абайтанушы, өте мәдениетті, әдебиеттің адамы Алмахан Мұхаметқалиқызының қызы. Қазақ тегін айтпайды ғой “анасына қарап, қызын ал” деп. Өзім секілді аңқылдаған келінім бар. Ашық. Мен келінім табалдырықты аттаған кезде бір-ақ нәрсе айттым: “Аяқ астынан ғұлама болып, ақылды болып, тәрбиелеп ақыл айтпаймын. Тәрбие деген 13 жасқа дейін ғана жұғады. Одан кейін адамды тәрбиелеу мүмкін емес. Әркім өз отбасындағы тәрбиені алып келеді. Осы жасқа дейінгі көрген тәрбиеңмен өмір сүресің, көрсетерсің, жасарсың. Мен саған бір-ақ нәрсе айтамын: дамуыңды, білім алуыңды тоқтатпа. Өзің дамы. Мен баламның да потенциалын білемін ғой. Әбден сыртта өскен, шетелде оқыған. Сондықтан дамып отырсаң, бір деңгейде жүресіңдер. Бір-ақ нәрсе сұраймын. Қарт анам бар. Ол кісінің денсаулығы да күтімді талап етеді. Сол кісінің батасын ала берші. Басқа менде тілек жоқ” дедім. Мен рахат енемін ғой. Жеке шекарасына кірмеймін, ақыл айтып, миыңды шұқып, түртпектеу атымен жоқ. Айтқанымды істеп жатыр. Мен сондай енемін”, – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.