Әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде таралып жатқан алыпқашпа әңгімеге сенбеуге шақырды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Димаштың жеке өміріне қатысты негізсіз ақпарат таралып жатқанын меңзеді.
«Қазіргі заманның шөбі жел тұрмай-ақ қимылдай береді. «Ар» мен «ұят», «обал» деген ұғымдарды аяқасты еткен, бетімен кеткен қоғамда ақша тауып, қаралым жинау үшін ойдан құрастырып, «жаңалық» жасайтын «журналистер» мен блогер көп. Қай тақырыпта да көп аса сене бермеген жөн. Ере бермеген жөн», – деп жазды Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Димаш Құдайберген мен Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбек жайлы қауесет тараған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.