in

«Әңгіме айтып отырып, жасап тастадық»: Алтынай Жорабаева қабағын өзгерткенін айтты

Әнші Алтынай Жорабаева қабағына ота жасатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі сегіз жылдан кейін тағы блефаропластика жасатып, нәтижесін бөлісті.

«Ескі жіпті алып, жаңа жіп салды. 2-3  күндей іседі. Сосын ісігі басылады. Ауырмайды. Әңгіме айтып отырып, жасап тастадық. Көзімді жасатып алып, жұмысқа бара жатырмын. Көздің үстін кеспейді, тек жіпті тігеді. Таңертең ұйқыдан тұрғанда ғана іседі», – деді әнші Instagram-дағы Stories бөлімінде. 

Желі қолданушылары әншінің дене сымбатына таңғалысын жасырмады. Айтуынша, әнші диета ұстап, 35 келі салмақтан арылған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM    арнасынан табасыз.