in

«Абай жолын» оқып, қазақ тілі ең бай тіл екеніне көзім жетті – Баян Алагөзова

Продюсер Баян Алагөзова қазақ тілінде сөйлесе, әлеуметтік желідегі парақшасында қаралым саны артатынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Сонымен қатар оқырмандарынан көп мақтау естісе, енді бірі сынап жататынын да жасырмады. Продюсер қазақ тілін үйрену үшін курс оқыған.

«Үш жыл бұрын бұрын қазақ тілін үйрену үшін 3 айлық курсқа жазылдым. Сол 3 ай ішінде «Абай жолы» романын оқып бітірдім. Содан кейін қазақ тілі ең бай тіл екеніне көзім жетті. Маған сабақ берген мұғалім «Баян, мен неге ақша алып жатырмын? Сіз өте жақсы түсінесіз, өте жақсы сөйлейсіз. Менің кеңесім, практика керек, көбірек сөйлей беріңіз» деп айтқан», – дейді Баян Мақсатқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.