Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева кейінгі кезде басынан түрлі жағдай өтіп жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, анасы мен қызы сырқаттанып қалған. Сондықтан отбасындағы 1 қарашаға жоспарланған той кейінге шегерілген.
«Түнде балама, күндіз анама қарап… Отбасымызда 1 қараша той болуы керек еді, кейін шегереміз бе десек, мына кісі тойды қайткенде де жасаймыз деп жатыр. Соңғы күндері күн мен түн алмасып кетті, ештеңеге үлгермей жүгіріп жүрмін. Қаншама той, туған күндер болып жатыр. Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады екен ғой. Разбор жасатамын деп Ақтаудан, Қарағандыдан келген оқырмандарымнан кешірім сұраймын», — деп жазды айтыскер ақын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
