in

«Азан шақыртып, Құран оқытып, есімімді өзгерттім»: әнші Индира Елемес жаңалығын жеткізді

Әнші Индира Елемес есімін есімін өзгертті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат беріп, жаңалығын жеткізді. Ол 2023 жылы Азан шақырып, есімін Хадиджа деп өзгерткен. Әншінің айтуынша, бұл шешімді ол көптен бері ойлап жүрген. Бірақ батылдық жетпей, жүрексініп келген екен. Алайда екі жыл бұрын жүрегінің үнін тыңдап, нақты қадамға барған.

«Менің атым мұсылман есіміне жатпайды. Мұны кішкентай кезімнен білетінмін. Есімімді ауыстыру туралы ойлап жүретінмін. Бірақ анамның көңіліне қарадым, ренжіп қалар ма екен деп. Содан имамды шақырып «Есімімді ауыстыруға бола ма?» деп сұрадым. Қандай есім алғым келетінін сұрады. «Хадиджа» дедім. Содан азан шақыртып, Құран оқытып, есімімді өзгерттім. Атымды ауыстыру менің ішкі рухани жолымдағы үлкен қадам болды. Атыңды өзгерткеннен кейін өміріңде өзгеріс болады деген рас екен. Өмірімде түрлі өзгеріс болып жатыр», – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.