in

Айбек Қалиев «ақындар келісіп айтысады» деген пікірге жауап берді

Соңғы жылдары «ақындар келісіп айтысады», «қарсыласын алдын ала анықтап алады» деген пікірлер айтылып жүр. Бұл сұраққа айтыскер ақын Айбек Қалиев жауап берді

Ел арасы болғасын, әртүр­лі әңгімелер жүреді ғой. Айтысқа айтылып жатқан сындардың біразын мойын­дауға да болады, біразымен келіспеуге де болады. Қазір айтыс өзінің даму шыңына жа­қындап қалды. Заман алмасқан сайын, қоғам өзгерген сайын, айтыс та өзгеріп, халық ара­сында кеңінен танылып келе жатыр. Сондықтан жалғыз та­лантына, суырыпсалма қа­білетіне сеніп айтысқа шыға салу дұрыс емес. Өйткені қазір айтыс үлкен дайындықты талап еткендіктен, айтыскер­лер де соған лайық болуы керек. Мысалы, тойға барып тост сөйлегеннің өзінде іштей дайындалып барады емес пе?! Ал айтыс – көрермен алдын­дағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан ақынның ішкі дайындығы болғаны жөн. Жа­сам­паз өнер саналатын айтыс кезінде көптеген халықта да болды. Дегенмен заман өте келе кей халықта қолданыс­тан шығып қойған. Шынын айту ке­рек, осы өнерді тірілте алмай жүрген халық өте көп. Мы­салы, Түр­кияда айтыс сияқты өнер бар, олар «атышма», ал айтыскер ақын­дарын «озан­дар» деп атайды. Түріктер осы өнерін тірілте алмай жүр. Ал­дыңғы жылдары Қырғызстан­нан, Қазақстаннан, Өзбекстан­нан, Әзір­байжаннан, бес түркі халықтарының ақындарын жинады. Ондағы мақсаты – қазақ-қырғыздармен жиі-жиі айтысып, сол өнерді тірілтіп, біздің айтыстың деңгейіндей көтеріп алғысы келетінін айтқан. Әлі де әртүрлі іс-шара өткізіп жатқанынан хабар­дармыз. Сондықтан біз де қан­дай жолмен болсын айтысы­мызды өлтіріп алмас үшін әрекет етуіміз керек. Білесіз­дер, газет көп оқитын, теле­дидар көретін жастар сирек. Әлеуметтік желі пайда болған­нан бері біраз нәрсені ығыс­тырып келе жатыр, – деді айтыскер ақын

Сұхбатты мына сілтемеге өтіп толық оқи аласыз

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз