in

«Айгүлдің маған берген шуағы өмірімнің аяғына дейін жетеді»: Медеу Арынбаев марқұм әйелі туралы айтып, көз жасына ерік берді

Әнші Медеу Арынбаев журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында марқұм жұбайы туралы естелік айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әншінің ұл-қызы анасы мейірімді адам болғанын айтып, әкесіне деген тілегін жеткізді.

«Анамыз жайлы жиі әңгімелесеміз. Ол кісі өте мейірімді адам еді, екі жоғары білімі болған. Ағылшын тілін жақсы білетін. Әкеміз де керемет жан. Бізді тәрбиелеп, өсірді. Әкеміз қашанда бақытты болсын деп тілейміз. Ең бастысы, денсаулығы мықты болсын! Біз ол кісіге үйлен деп айтпаймыз. Бірақ өзінің махаббатын тапса, біз қарсы емеспіз», – дейді Медеу Арынбаевтың ұлы мен қызы.

Әнші марқұм жұбайы туралы айтып, көз жасына ерік берді.

«Өмірдегі ең бақытты адаммын. Өйткені Айгүлім осындай ұлым мен қызымды сыйлап, тапсырып кеткен. Балаларымның тілегін білемін ғой. Одан артық бақыт бар ма? Сағым сынбай, осындай ұл мен қызды тәрбиелеу қолымнан келіп жатса, одан артық бақыт бар ма? Бірақ мен ойымнан қайтпаймын. Тұрақтылықты жақсы көремін. Сынып кетуіме хақым жоқ. Өйткені Айгүлдің маған беріп кеткен шуағы, қуаты маған өмірімнің аяғына дейін жететін сияқты. Әлі есімде, мынаны айтатын, «Біздің балаларымыз ешқашан қиналмайды, мен көрген қиындықты бұлар көрмейді, оны білемін, сенемін», деп маған өсиет сияқты қайта-қайта айта беретін. Сол қуатпен, сол энергетикамен әлі күнге дейін келе жатқан сияқтымын. Осыдан кейін қалай сынамын?!» – дейді Медеу Арынбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.