in

Айгүл Иманбаеваға көпбалалы ана ерекше сыйлық берді (видео)

Актриса, әнші Айгүл Иманбаеваға көпбалалы ана бриллиант сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Көпбалалы ана әншінің әндерін сүйіп тыңдайтынын жеткізіп, қолындағы бриллиант білезігін ырымдап қолына тақты.

“Айгүл ханым, бүгін сізді тойда көріп қуанып жатырмыз. Жақында сізді тұрмысқа шықты деп естідік. Шын жүректен қуаныштымыз. Жақсы көріп тыңдаймыз. Халықтың барлығы жақсы көреді. Мен 10 баланың анасы ретінде шын жүректен қолымдағы білезігімді берейін. Ниет қой бастысы. 10 бала таппасаңыз да, 8 бала туыңыз”, – деді ол.

Айгүл Иманбаева мұндай сый күтпегенін айтып, алғыс білдірді.

“Бүгін ерекше сәт болды – бір көрерменім жақсы көретінін айтып, құрметін білдіріп, қолыма әдемі білезік салды. Осындай шынайы көңіл мен жылулық үшін алғысым шексіз! Қадірменді, менің сүйікті көрерменім, сіздерге алғысым шексіз, мен бәріңізді жақсы көремін!”, – деп жазды әнші. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от 𝐀𝐈𝐆𝐔𝐋 𝐈𝐌𝐀𝐍𝐁𝐀𝐘𝐄𝐕𝐀 (@aigul_imanbayeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.