Әншілік жолдан кеткен Айдана Меденова қызының хиджаб кигеніне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол көпшіліктің сынына жауап беріп, қызына қысым жасамағанын айтты.
“Көпшілік бізді қызымызды хиджаб киюге мәжбүрлейді деп жазып жатыр. Естеріңізге салайын, Амина әлі бала. Бұл жаста хиджаб кию міндет емес. Егер ол бүгін шешіп тастаймын десе, ешқандай мәселе жоқ. Мен әрқашан Аминаға “саған өзіңнің құндылығыңды ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ” деп айтамын. Хиджаб – бұл қысым емес, Аллаға деген махаббат және өзіңді құрметтеу. Мен мұны көп жылдан кейін түсіндім. Ал қызым бұл қадамға менен де тез әрі шынайы түрде барды. Мен тек оның жолы жеңіл, нұрлы болсын деп тілеймін”, – деді Айдана Меденова.
Айта кетейік, Айдана Меденова Баян Мақсатқызы продюсерлік ететін “Кешью” тобында өнер көрсеткен. Кейін дінге бет бұрып, өнер жолынан кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Айдана Меденова (@aidanamedenova_officialpage)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.