Актриса Айжұлдыз Адайбекованың күйеуі, экстрим-блогер Сәкен Қағаров қарызын қайтара алмай жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Блогер әріптесіне қарыз беріп, ала алмай жүргенін айтып, оқырманды алаңдатып қойды. Ол адам қандай сомада қарыз алса да, ең бастысы жауапкершілік екенін атап өтті.
“Өте жақын танысыма сатып едім, арада 10 ай өтті. Үнсіз кетті, 200 мың теңгеге алған. Әрине, бұл өте үлкен сома емес, бірақ мәселе адамның сенімінде”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары Сәкен Қағаровқа қолдау білдірді. Оқырмандарының арасынан сол видеографқа алданып қалғандар да табылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
