in

Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаровтың Мальдивтегі романтикалық кеші күтпеген жағдаймен аяқталды (видео)

Жақында ғана отбасын құрған актриса Айжұлдыз Адайбекова мен блогер Сәкен Қағаров Мальдив аралдарында романтикалық кеш ұйымдастырды, – деп жазды Aikyn.kz.

Блогерлер мұхит жағасындағы әсерлі сәттің бейнежазбасын Instagram-да жариялады. Кештің соңында күтпеген жағдай болған. Табиғат тосын мінез көрсетіп, жаңбыр құйып, дауыл тұрған. 

Сәкен Қағаров жұбайына қиялдағыдай романтикалық кеш ұйымдастырғысы келгенін айтты. 

“Бұл нөсер көңіл күйімізді тіпті көтеріп жіберді,” – дейді Сәкен Қағаров. 

Әлеуметтік желі қолданушылары блогерлерге қолдау білдірді.

 “Жай ғана кешкі ас болса, мұндай эмоция тудырмас еді! Керемет!”, “Айжұлдыздың күлкісі миллионға тұрарлық”, “Осындай сәттер — нағыз махаббаттың көрінісі. Неткен романтика!” – деп жазды желі қолданушылары.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Saken Kagarov (@saken_kagarov)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.