Алаяқтарға алданып қалған әнші Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер пәтер сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы журналист Айнұр Омар әлеуметтік желіде жазды. Айтуынша, Досымжан Таңатаровтың концертінде Халық әртісіне тосынсый жасалған.
“Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі. Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым. Сіздер танып жатсаңыздар, тегтеп қойыңыздаршы, азамат екен!” – деп жазды журналист.
Айта кетейік, Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың алаяқтарға алданып, үйсіз қалғаны жайлы ақпарат тараған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Айнур Омар (@ainur_omarka)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.