in

«Алматыдағы стадионды шайқап кетті»: әнші Мәдина Сәдуақасова Дженнифер Лопеске таңғалды

Әнші Мадина Сәдуақасова әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінен ерекше әсер алғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі концертте әншінің әрбір қимылына, эмоциясына таңданып отырған.  

«Сөзім жоқ! Бүгін Дженнифер Лопес  Алматыны, орталық стадионды келіп шайқап кетті! Сахнаға өте жақын тұрдым, әр мимикасын, ән айтқанда денесінің тітіркенуі, көзіне жас алып ән айтқаны бәрі бәрі анық көрінді, сезінді. Өзінің жалындаған энергиясымен, биімен бүкіл стадионға келген адамдарды есінен тандырды! 4 жылдан кейін 60 қа келеді деп кім айтады! Керемет! Бір мін жоқ. Ұйымдастырушыларға respect! Деңгей ұшты бүгін! Барлық жағынан. Әлі алған әсерімнен шыға алмай жатырмын! Осындай әлемдік деңгейдегі өнер иелері келе берсін елімізге!» – деді Мадина Сәдуақасова.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.