Алматы полициясы әнші Қайрат Нұртастың концерті алдында мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы полициясы Орталық стадиондағы концерт алдында қауіпсіздік шараларын күшейтті. Алматыда полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар», – деді Полиция департаментінен.
Полицияда атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – мәдени-көрсетілім іс-шарасы кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
