in

Астанада дәстүрлі KitapTime – 2025 республикалық кітап фестивалі өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында дәстүрлі KitapTime – 2025 IV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырыстарында елдің болашағы үшін кітап оқу мен баспа ісінің маңыздылығына ерекше тоқталып, кітап оқитын елдің ғана өркениетті, зиялы ұлтқа айналатынын атап өткен болатын. Осы үндеуді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл шара жастардың рухани және интеллектуалдық дамуын қолдауға, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналды.

Фестивальге ғылым мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, шетел елшіліктерінің өкілдері, баспагерлер, суретшілер, қолөнер шеберлері, иллюстраторлар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары қатысты.

Фестиваль аясында еліміздегі және шетелдік баспалар мен кітап дүкендерінің қатысуымен ауқымды кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар қолөнер жәрмеңкесі мен арнайы тақырыптық көрмелер өтті.

Бағдарлама барысында «Абай ауылы» этнолокациясы мен ақын мұрасына арналған көрме, «Ауылға кітап» сыйлау акциясы, елшіліктердің «Ұлттық атрибуттар» кітап-иллюстрациялық көрмесі, BOOKCROSSING, «БИБЛИОРИНГ» әдеби ойындары, «Велошеру», сурет көрмесі, шеберлік сағаттары, PICNIC TIME фотоаймағы және басқа да мәдени іс-шаралар өткізілді.

Айта кетейік, KitapTime – 2025 фестивалі бір мезетте республика бойынша барлық өңірлік кітапханаларда ұйымдастырылып, түрлі форматта мазмұнды шаралар өтті. Биылғы айтулы фестиваль аясында 1 089 іс-шара өткізіліп, 30 мыңға жуық оқырман қамтылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.