in

«Астана – арман қала» атты концерт өтеді

Онда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Эстрадалық вокал бөлімінің әншілері өз өнерлерін ортаға салады.

Концертке Майра Ильясова, Нұржамал Үсенбаева, Қанат, Света Айтбаевтар, Арайлым Рахымқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Ұлықпан Жолдасов, Сүндет Байғожин, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, Айдын Жұмабай, Диана Май, Парасат Отан, Қымбат Жамбылбек, Дидар Серікқали сынды белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары, сондай-ақ   «ALEM» заманауи би балеті қатысады.

Кеш аясында «Астана арулары», «Астана кеші», «Армандастар», «Астана», «Су тасушы қыз», «Алтынай», «Мерекеңмен елім», «Қазақстан» сынды т.б. белгілі әндер орындалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.