in

Ауа температурасы күрт төмендейді, көктайғақ болады: 4-6 қарашаға ауа райы болжамы

Қазгидромет 4-6 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен жел соғады. Жолдарда көктайғақ пайда болады. Петропавлда 4 қарашада солтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүгінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. 5 қарашада түнде сынап бағаны -5…-10 градус суықты көрсетеді, 6 қарашада одан ары төмендейді. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Қызылордада 4 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандандарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.  Сынап бағаны күндіз +3…+8 градусқа дейін төмендеп, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 0 градус болады. Шымкентте 4 қарашада жауын-шашын, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +3…+5 градусқа дейін күрт төмендейді. Түркістанда 4 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +3…+5 градусқа дейін күрт төмендейді.

Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарда жаңбыр, қар жауады. Ауа температурасы 5 қарашада түнде 0…-5 градусқа, облыстың солтүгінде, таулы аудандарында температура -8 градусқа дейін күрт төмендейді, 6 қарашада сынап бағаны одан әрі төмендейді. Таразда 5 қарашада ауа температурасы түнде -1…-3 градусқа дейін күрт төмендейді. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 4 қарашада тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз жаңбыр жауып, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы 5 қарашада -1…-6 градусқа, таулы аудандарда -8…-13 градусқа дейін күрт төмендейді, 6 қарашада сынап бағаны одан әрі төмендейді. Қонаевта 4 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Жетісу облысының батысында, орталығында жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ауа температурасы 5 қарашада -1…-6 градус суық болады, таулы аудандарда сынап бағаны 8-13 дейін, 6 қарашада одан ары күрт төмендейді. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында тұман болады.

Қарағанды қаласында 4 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оралда 4 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. 

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауады. Көкшетауда 4 қарашада түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп болжанады. Солтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.