in

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет балаларын мектепке дайындауға қанша қаржы жұмсағанын айтып, таңғалдырды (видео)

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет екі баласын мектепке дайындауға қанша қаржы жұмсағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Оның айтуынша балаларға қажет заттарын алып беруге бір миллионға жуық қаражат кеткен. 

«Костюм-шалбары, мектепке керекті құралдары, спорт киімдері бар. Осының бәрін есептегенде 1 миллион теңгенің ар жақ, бер жағы болды», – дейді актриса.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне таңғалды.

«Менің 4 балама 150 000 тг кетті десем, талып қалатын шығар», «Миллионға не алып жүрсіңдер соншама», «3 балама 200 мың теңге болды, шүкір, жеткіздік», «Әнші боламыз ба, не істейміз?», «Бір жылдық киім алған шығар», – деп жазды желі қолданушылары.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Телеканал НТК (@revuenews)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.