in

«Ақыл тоқтат, ал өнеріңді тоқтатпа…»: Төреғали Төреәлінің әкесі ұлына ақыл айтты

Әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлепов Instagram парақшасында ұлына арнаған өлеңін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Төреәлі Төлепов ұлын өнерден алыстамауға шақырды.

«Жаңалықты оқып ап, не дерімді?

Сенбесімді білмедім сенерімді. 

Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың

Көп жастар алар еді сенен үлгі.

Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым

Мен саған беріп келем берерімді.

Алла берген тоқтатпа өлеңіңді

Алла берген тоқтатпа өнеріңді» – деп жазды.

Айта кетейік, әнші Төреғали Төрәлі желідегі парақшасында «Бәрін тоқтаттым» деп жазба қалдырып, жұртты алаңдатып қойған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.